Головкин әлемдегі ең танымал конферансьені туған күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин дауысы бокс әлемінде ең танымал конферансье Майкл Бафферді туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Туған күніңмен, Майкл! Кезекті бірлескен жекпе-жектерді тағатсыздана күтемін! #LetsGetReadyToRumble», - деп жазды Головкин Твиттерге. Боксшы әлеуметтік желіге сондай-ақ конферансьемен бірге түскен фотоны орналастырды.

Let's get ready to rumble! («Жекпе-жекке дайындаламыз» - ағылш.) фразасы - Баффердің әрбір гонг алдында айтатын сөзі және ол оны 1980-інші жылдардан бастап пайдаланып келеді. Сондай-ақ Майкл бокс әлемінде спортшыларды таныстырудағы өзіндік  үлгісімен танымал.

Дереккөз: Sports.kz.    

 

Соңғы жаңалықтар