Головкин бейбақ адамның тірлігін жасап жүр - «Канело»

Бұрын «Канелоның» промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің командасы жекпе-жек қарсаңында Мексика, Қазақстан және АҚШ әнұрандарын орындаудан бас тартқанын мәлімдеген болатын. Головкиннің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарып, HBO телеарнасымен жасалған келісім бойынша, әнұрандар PPV-кард жекпе-жектерінің көрсетілімі басталардан бұрын орындалатынын түсіндірген.
Альварестің пікірінше, осының кесірінен басты оқиға маңызды әрі салтанатты бөлігінен айырылады.
«Олар кез келген ұсақ-түйек үшін ақтала бастады. Бұл жолы құдды бір әнұранды орындауға көп уақыт жұмсалатындай, ұлттық әнұрандарға қатысты шағым түсіріп жатыр. Енді әнұранды жекпе-жектің алдында емес, күндізгі төрт жарымда айтуға тура келеді. Олардың тарапынан тым көп ақталу, кінәрат айтылып жатыр. Бұл - тек бейбақ адамның тірлігі. Олар қазірден-ақ өздерін тізе бүккендей (ұтылғандай) сезініп жатыр», - дейді мексикалық боксшы ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.