Головкин дене даярлығы жоғары спортшылардың рейтингіне енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тамаша дене даярлығы Sports Illustrated басылымының «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Геннадий рейтингтің 11-інші орнына орналасып, тізімдегі жалғыз боксшы атанды. Сонымен қатар, рейтингке аралас жекпе-жек бойынша екі жауынгер - Конор Макгрегор мен  Деметриус Джонсон енді.  

Бұған дейін БАҚ GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындығы барысында оның тамаша дене бітімін жарыса жазған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар