Головкин ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10-да көш бастап тұр

АСТАНА.ҚазАқпарат - ESPN арнасының сайты барлық салмақ дәрежесінде апта сайын шығатын үздік боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Головкин ESPN нұсқасы бойынша орта салмақтағы ТОП-10-да  көш бастап тұр

Геннадий Головкин орта салмақтағы ең үздік ондықтың алдында тұр. Одан кейін Сауль Альварес пен Дэниэл Джейкобс орналасқан.

Кейінгі позициялар келесідей:

4. Давид Лемье

5. Билли Джо Сондерс

6. Энди Ли

7. Кіші - Крис Юбэнк

8. Автандил Хурцидзе

9. Сергей Деревянченко

10. Рёта Мурата.