Головкин HBO-дағы дауыс беру нәтижесінде үздік боксшы деп танылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - HBO Boxing телеарнасының ресми твиттерінде барлық салмақ дәрежесіндегі (P4P) үздік боксшыны анықтау бойынша дауыс берудің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин HBO-дағы дауыс беру нәтижесінде үздік боксшы деп танылды

Оның нәтижесі бойынша, ең көп дауыс - 38% қазақстандық Геннадий Головкинге берілген. Америкалық Андре Уорд 30%, ал украиндық боксшы Василий Ломаченко - 21% дауысты иеленген. Дауыс берушілердің 11%-ы «басқа боксшы» нұсқасын таңдаған.

Айта кетейік, дауыс беруге барлығы 11 237 адам қатысты.