Головкин мен Канело жекпе-жегінің трансляциясын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – DAZN стримингтік платформасы 17 қыркүйекте өтетін Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі өтетін бокс кешінің ақылы трансляциясының құны туралы ақпаратты жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Шоудың негізгі оқиғасы DAZN тұрақты жүйесінде емес, PPV жүйесінде көрсетіледі. Осылайша, АҚШ-та хабар тарату құны жаңа пайдаланушылар үшін $84,99 және белсенді жазылушылар үшін $64,99 болады. Британдық көрермендер трилогияның финалын көру үшін £17,98 төлеуі тиіс.

Бұл ретте андеркартты Қазақстан, Мексика және Латын Америкасынан басқа басқа аумақтардағы тұрақты абоненттер де пайдалана алады.



Фото: sportingnews.com




Соңғы жаңалықтар