Головкин-Роллс айқасының андеркартында Әли Ахмедов шаршы алаңға шығады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (14-0, 10КО) 8 маусымда Нью-Йоркте өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) - Стив Роллс (19-0, 10КО) айқасының андеркартында рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ВКонтакте парақшасында жазылды.

«Ахмедовтың айқасы BoxRec.com сайтының профилінде тіркелді. Қазақстандықтың қарсыласының кім болары әлі белгісіз. Әли - GGG Promotions промоутерлік компаниясының клиенті екенін атап өткім келеді», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Головкин-Роллс айқасының андеркартында орта салмақтағы америкалық Брайан Себальо (8-0, 4КО) пен жеңіл салмақтағы Марио Рамос (8-0, 7КО) өнер көрсетеді. Олардың да қарсыластары алдағы уақытта белгілі болады.

Бокс шоуы «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өткізіледі. Қазақстандық боксшы 8 маусымда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында 35 жастағы канадалық боксшы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) кездесетінін бұған дейін жазған едік.

Стив Роллс кәсіби боксқа 2011 жылы ауысып, екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсете бастады. Жекпе-жектердің басым бөлігін өз елінде өткізген. Алты рет АҚШ-та жұдырықтасты. С.Роллс осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңілмеген. 19 жекпе-жекті 10 рет нокаутпен аяқтаған.

Соңғы жаңалықтар