Головкин Солтүстік Ирландияны жеңген ұлттық құраманы құттықтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлемге әйгілі қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Солтүстік Ирландияны жеңген Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан құрамасын және барлық жерлестерімді маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алға, Қазақстан!», - деп жазды боксшы Іnstagram-парақшасында.

Сондай-ақ ол стадион трибунасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен матчты бірге тамашалап отырған сәтінен фото жариялады.

Қазақстан – Солтүстік Ирландия матчы бүгін, 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана – Арена» стадионында өтті. Г.Головкин ел құрамасына қолдау білдіру үшін Нью-Йорктен арнайы ұшып келген болатын.

Ойын 1:0 есебімен ҚР құрамасының пайдасына аяқталды.

Матчтан кейін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев футболшыларды арнайы құттықтап, киіну бөлмесіне барды.

Айта кетейік, осы уақыттағы турнир кестесіндегі көрсеткіш бойынша Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен екінші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар