Головкин - Сондерс жекпе-жегі неліктен 2018 жылы өтпейді

Басылым Головкин мен Альварестің қыркүйекте өтетін екінші кездесуінің андеркартында өнер көрсететінін мәлімдеген Гэри О'Салливанның (28-2, 20 КО) сөздеріне негізге ала отырып, осылай жазған. О'Салливан рематч қыркүйекте өтетініне сенімді болып отыр. «Спайк» бүркеншік атымен танымал боксшы, сондай-ақ осы кездесудің жеңімпазымен желтоқсан айында кездесетінін де айтқан.
«Боксшының осы сөздеріне сүйенсек, Билли Джо Сондерс 160 фунт салмақтағы екі үздік боксшының бірімен кездесу мүмкіндігі 2019 жылға дейін кешігеді. О'Салливанның сөзіне қарағанда, Сондерс өз титулын қорғау үшін рематчта жеңілгендердің бірімен кездесуге үміт артуы мүмкін. Егер «Канело» Головкиннен жеңілсе, Сондерспен келер жылы «Синко де майо» (5 мамыр - Мексиканың ұлттық мейрамы) мерекесінде жекпе-жек өткізуі мүмкін. Головкиннің жеңісі және желтоқсандағы О'Салливаннан титулын қорғайтын кездесуі Сондерс үміт артып отырған белдіктерді біріктіру жекпе-жегін кем дегенде келер жылдың сәуіріне дейін кешіктіреді», - деп жазады сайт.