07:57, 20 Наурыз 2017 | GMT +5
Головкин Сондерспен Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) таяу болашақтағы жоспары жайында баяндады, деп хабарлайды Boxingnewsonline.net.
- Мен боксшымын- бұл менің жұмысым. Мен кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Менің арманым - орта дивизиондағы барлық белбеулерді жинау. Оған соңғы қадам - Билли Джо Сондерспен айқас. Біз оны Қазақстанда өткізе аламыз деген сенімдемін, - деді Головкин.
Еске сала кетсек, британдық Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) Головкиннің орта салмақтағы жетпей отырған WBO титулының иегері.
Бұдан бұрын БАҚ-та олардың кездесуі Астанада маусым айында EXPO халықаралық көрмесі аясында өтеді деп хабарланған болатын.