Головкин және Альварес бейнесі таңбаланған өнімдер Лас-Вегаста танымалдылыққа ие

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «GGG» Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы айқас қарсаңында Американың Лас-Вегас қаласының тұрғындары «ғасыр жекпе-жегінен» дәмелі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Қылмыс қаласы» біраз уақытқа қасиетті бокс қаласына айналып, қадам басқан сайын Головкин мен Альварестің фотосуреті бейнеленген футболкалар, бейсболкалар және басқа да киімдерден аяқ алып жүре алмайсың. Сауда орындарының бірінің сатушысының айтуынша, екі боксшының есімі мен бейнесі бейнеленген тауарлар осы күндері жоғары танымалдылыққа ие болып, жақсы саудаланып жатыр.

Айта кетейік, Геннадий «GGG» Головкин мен  Сауль «Канело» Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді. 

Соңғы жаңалықтар