Головкин жеңіліс тауып көрмеген Давид Бенавидеспен спарринг өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин-Джейкобс жекпе-жегі алдында қазақстандық боксшының спарринг өткізетін серіктесі белгілі болды.
None
None

Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниел Джейкобспен (32-1, 29 КО) айқасқа дайындық шеңберінде 168 фунт салмақта өнер көрсетіп жүрген 20 жастағы америкалық Давид Бенавидеспен (17-0, 16 КО) кездеседі, деп жазады Sports.kz.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі үстіміздегі жылдың 18 наурызы күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар