Головкиннен алынған IBF белдігіне Джейкобс пен Деревянченко таласуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкин мен Альварес келіссөздері тығырыққа тірелген соң «Канело» Геннадийдің бұрынғы қарсыласы Дэниел Джейкосбпен (34-2, 29 КО) мәміле бастап жатыр, деп хабарлайды СИА «SPORTINFORM» САА.
None
None

«Егер Альварес пен Джейкобс келісімге келе алмаса, америкалық боксшы бос тұрған IBF титулын украиналық Сергей Деревянченкомен (12-0, 10 КО) сарапқа салады», - дейді менеджер Кит Коннолли.

Коннолли Деревянченконың да, Джейкобстың да менеджері. Әрі бұл екі боксшының бапкері де бір - америкалық маман Андре Розье.
«Қазір біз «Канеломен» кездесу өткізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ алдағы бір-екі күнде келісімге келе алмасақ, онда Джейкобс бұл идеядан бас тартып, Деревянченкомен жұдырықтасуына тура келеді. Мен бұл туралы Розьемен сөйлестім. Ол наразы болғанмен, жағдайды түсініп отыр», - дейді Коннолли.

Еске сала кетейік, IBF белдігіне үміткер Деревянченкомен кездесуден бойын аулақ ұстағаны үшін Головкин осы титулынан айырылған болатын. Содан кейін қазақстандық боксшының командасы «Канелоның» командасы айтқан шарттарға көнуіне тура келді.

Алайда мексикалық боксшының промоутері Оскар де ла Хойя Альварес-Головкин жекпе-жегін тек келер жылы 5 мамырда ұйымдастыруға болатынын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар