16:47, 16 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Головкиннің арқасында Қазақстанды әлем таныды - Р. Джонс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Головкиннің арқасында Қазақстанды әлем таныды. Бұл туралы бүгін Астанаға келген атақты АҚШ боксшысы Рой Джонс мәлім етті.
"Мен ешқашан жекпе-жекке қазақ боксшыларымен шыққан емеспін. Бірақ мен қазақ бокс мектебінен шыққан Олег Маскаев, Бейбіт Шүменов, әрине, Геннадий Головкинді жақсы білемін. Шынтуайтына келгенде АҚШ халқы, соның ішінде мен де Головкиннің жетістіктері арқылы Қазақстанды таныдық. Бұл Америкада өте танымал бренд", - деді ол.