13:27, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Головкиннiң Астанадағы жекпе-жегi үлкен қаражат талап етедi - GGG менеджерi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннiң жекпе-жегiн Астанада ұйымдастыру үлкен қаражат талап етедi, деп есептейдi GGG менеджерi Олег Герман.

"Шын мәнiнде Астанада жекпе-жек жасау үшiн үлкен қаражат жұмсауға тура келедi. Бүкiл әлемге тарататын сигналды жасаудың өзiне қыруар қаржы кетедi. Бұл көп ақша. Геннадий Головкинмен жұмыс iстейтiн HBO телеарнасы да қызығушылық танытуда, дегенмен оларға бiздiң тарапымыздан немесе ұйымдастырушылар тарапынан барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылатынына кепiлдiк берiлуi тиiс", - дейдi ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Қазақстанның мүмкiндiктерiн саралап, сондай деңгейдегi жекпе-жектi ұйымдастыруға болады.
"Бұл - елiмiзге үлкен бедел әкеледi. Керемет жекпе-жек жасап жiберуге болады, себебi Қазақстанның мүмкiндiктерi бар", - деп атап өттi О. Герман.