Головкиннің екінші орта салмаққа ауысу талаптары айтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес боксшының қандай жағдайда ауыр салмаққа ауысатындығын айтты, деп жазады Sports.kz.
«Канеломен» айқас - біздің барлық мақсатымыз. Ол сәтті аяқталмаған жағдайда біздің қазіргі ойларымыздың маңызы болмай қалады. Біз Головкин әлемдегі ең мықты орта салмақтағы боксшы екендігін дәлелдеуіміз керек. Жекпе-жек сәтті аяқталатын болса, реванш болуы мүмкін. Біз ондай мүмкіндікке қуанамыз. Ал, рематч жасауға мүмкіндік болмаса, Геннади 168 фунтқа өту мәселесін қарастырады әйтпесе біз 160 фунтпен қажеттінің бәрін жасаймыз», - деді Санчес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Геннадидің 160 фунтпен жетпеген жалғыз титулы - британдық Билли Джо Сондерс иеленген WBO әлем чемпионы белдігі. Алайда, Санчестің ойынша, қазақстандық боксшының жасы 35-ке келгендіктен және ол Сондерспен жекпе-жекті ұзақ күте алмайтын болғандықтан, Альвареспен айқас GGG-дің орта салмақпен шығуының соңғы кезеңі болуы мүмкін.