Головкиннің промоутері оған қарсы тұратын спортшы іздеп жүр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниэл Джейкобсты (32-1, 29 КО) жеңген жағдайды одан әрі өздерінің қалай әрекет ететіндіктері жөніндегі ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz Dailynews.com.сайтына сілтеме жасап.
None
None

«Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы көп адамдар айтады. Ал шын мәнінде олардың тек санаулылары ғана келісімшартқа қол қояды. Біз келісімшартқа қол қойған Келл Брук пен рингке енді шығатын Дэниел Джейкобстың қадамдарына құрметпен қараймыз. Бірақ Геннадий де өзінің міндеттемелерін талапқа сай орындап жүр. Бұл өте ірі әрі өте қауіпті кездесу болғалы отыр. Әрине, оның қалай боларын дәл қазір ешкім де дөп басып айтып бере алмасы анық. Дегенмен мен қазір наурыз айында болатын кездесуде Головкин жеңіске жеткен жағдайда оған қарсы шығуға дайын боксшылары бар ма екендігін білу үшін промоутерлермен келіссөздер жүргізудемін. Канеломен жағдай өзгеріссіз қалып отыр. Біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алайда бұл жерде ойландыратын екі мәселе бар. Генаға алдымен 18 наурызда болатын кездесуде жеңу керек. Сосын 6 мамырда Канеломен кездеседі. Еегер осы айтылған екі мәселе жүзеге аспаса, енді жекпе-жек болмайды. Егер Golden Boy келісім жасауға дайын болса, одан біз де бас тартпаймыз»,-деді Леффлер.

Соңғы жаңалықтар