10:13, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Головкиннің промоутері оның Коттомен болуы мүмкін айқасы туралы пікір білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер жылдың соңында GGG-дің Мигель Коттомен жекпе-жегін ұйымдастыру мүмкіншіліктеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мигель Коттомен айқас ұйымдастырсақ, қуанар едік. Біз оны әрдайым, тіпті Серхио Мартинесті жеңген сәттінен бастап құрметтеп келеміз. Сол кезде Серхиомен біріктіруші жекпе-жек ұйымдастырғымыз келген еді, бірақ қолымыздан келмеді. Ал, Мигель оны жеңді. Егер GGG қыркүйекте өтетін «Канеломен» айқаста жеңіске жетсе, желтоқсан айында Коттомен жекпе-жек өткізу керемет болар еді», - деді Леффлер америкалық тілшілерге.
Бұдан бұрын Котто мен оның бапкері Фредди Роуч Геннадий Головкин - Сауль Альварес жұбында жеңіске жеткен былғары қолғап шеберімен жұдырықтасуға қызығушылық танытқан еді.