Головкиннің промоутері Сондерстің өкілдерімен жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы айтып берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер жазға жоспарланған Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

«Біз Фрэнк Уорренмен (Сондерстің промоутері) әрдайым байланысып отырдық, айқасты жақсы өткізудің түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Бұл туралы келесі аптада толығырақ білетін боламыз. Сондерстің командасы тарапынан қойылған дедлайн жөнінде немесе Оскар Де Ла Хойяның маусым айындағы жекпе-жекке қарсы екендігі туралы ақпаратты әзірге білмеймін. Геннадийдің мақсаты барлық титулдарды біріктіру болды. Біз Фрэнк Уорренмен айқасты өткізудің мүмкіндіктерін айқындау туралы, егер мүмкіндік болса - оны өткізу жайлы келіссөздер жүргіздік. Бұл Қазақстан үшін ЭКСПО көрмесінде болатын ең үлкен оқиға. Мерзіміне байланысты анықталмаған жайттар бар. Біз Ұлыбритания үшін де, Қазақстан үшін де ненің тиімді екенін қарастырамыз», - деп жауап берді Леффлер Boxingscene.com порталына берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар