22:35, 01 Маусым 2014 | GMT +5
Голубев Франция ашық чемпионатының жұптық сайысында ширек финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұбы - австралиялық Самуэл Грот екеуі Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің ¼ кезеңіне шықты, деп жазады sports.kz.
Үшінші раунд матчында Голубев пен Грот АҚШ теннисшісі Джек Сок пен португалдық Жоао Соузу жұбын екі сетте 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Олардың ширек финалдағы қарсыластары - поляк Лукаш Кубот пен швециялық Роберт Линдстедт.