09:04, 04 Мамыр 2009 | GMT +5
Гонконг оқушылары оқулықсыз білім алатын болады
ГОНКОНГ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Гонконг оқушылары бұдан былай оқулық тасымайтын болады.

Оларға кітаптардың орнына мектеп бағдарламасы түгелдей көшірілген арнаулы электрондық құрылғылар таратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат НТВ телеарнасына сілтеме жасап. Бұл құрылғыны жергілікті Қолданбалы ғылымдар және технологиялық зерттеулер институты ойлап тауып отыр. Құрылғының сырт көрінісі ноутбукке ұқсайды және ол 260 доллар шамасында тұрады. Оқушылар өздеріне қажетті оқу материалдарын кез-келген уақытта және кез-келген жерден хабарласып, мектеп серверінен көшіріп ала алады. Гонконг мектептері алдағы қыркүйек айынан бастап жаңа құрылғына сынақтан өткізуге кіріседі. Ғалымдар екі жыл бойы айналысқан бұл жаңа құрылғы ата-аналардың мектеп оқулықтарына деген шығындарын азайтатыны анық. Гонконгта оқулық өте қымбат екенін айта кету керек. Оған қоса оқушылардың қоржындары да жеңілдей түспек, дейді жаңалықты жақтаушылар.