Гонконгқа Алматыдан енді аптасына үш рейс орындалады - «Эйр Астана» АҚ

АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 17 наурызынан ұлттық әуе тасымалдаушы - «Эйр Астана» АҚ - «Алматы-Гонконг-Алматы» бағыты бойынша аптасына үшінші рейсті іске қосады, деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметінен.
None
None

Осылайша, Гонконгқа рейстер әрбір сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Boeing - 757 авиалайнерінде жүзеге асырылады. Ұшақ салонында 150 орындық эконом- және 16 орындық бизнес-клас қарастырылған. Алматыдан Гонконгқа дейін ұшу ұзақтығы 6 сағат 10 минутты құрайды.

Әуе компания «Алматы-Гонконг-Алматы» рейсін алғаш рет 2012 жылдың 28 тамызында ашты. Рейс ашылған уақыттан бері жарты жылда 10 мың жолаушы және 185 тонна жүк тасымалданды.

Гонконг - Қытайдың арнайы әкімшілік ауданы, ірі іскерлік және қаржылық қаласы. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Гонконгта Макао, Манила, Гуанчжоуға және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге де қалаларына серіктес әуекомпаниялардың рейстерімен қолайлы тоғысулар қарастырылған.

Алматыдан Гонконгқа әуе билет құны кері бағыттағы сияқты эконом-класта - барлық жинақтарды қосқанда 85 395 тенгеден, ал бизнесс-класта - 338 397 тенгеден басталады.

Соңғы жаңалықтар