Гонконгта Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесінің таныстырылымы өтті

II Қазақстандық форумда бизнес өкілдеріне, девелоперлерге және Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның инвесторларына Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
ҚР экономикасына инвестицияларды тарту бойынша II Қазақстандық форумның мақсаты - Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiмен танысу және ҚР аумағында болашақ жобаларды дамыту үшiн iскер серiктестер мен әлеуетті инвесторларды тарту, Гонконг пен Қазақстанның арасындағы өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамыту.
Форум жұмысында «Air Astana» АҚ президенті Питер Фостер, «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ-ның корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері Ардақ Қасымбек, «Astana Innovations» АҚ төрағасы Саят Нүсіпов, SB Capital-дың бақылаушы кеңесінің төрағасы Алмас Иришев, сонымен бірге PricewaterhouseCoopers (PwC)-тің кеңес беру практикасының басшысы Марк Хэнни қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның логистика жөніндегі вице-президенті Ерхат Есқалиев ҚР көліктік-логистикалық жүйесінің стратегиясы туралы әңгімеледі және қазақстандық, шетелдік әлеуетті инвесторларды көліктік логистика саласында белсенді ынтымақтастыққа шақырды. Атап айтқанда, іс-шараның қатысушыларына инвестицияны салу және бизнестің тиімді дамуы үшін жол жөндеу, Ақтау портын кеңейту, «Қорғас-Шығыс қақпалары» ЕЭА және «Қорғас» Шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы инфрақұрылымын дамыту сияқты жаңа жобаларда мүмкіндіктер таныстырылды.
Гонконг форумының қатысушыларына «Жаңа жібек жолы» жаңа жобасы таныстырылды. Мақсаты - Орталық Азия аумағында жетекші іскерлік және логистикалық орталық ретінде Қазақстанды дамытуда тікелей инвестицияларды тарту үшін ең қолайлы жағдайларды жасау. Аталмыш жоба - Еуропа-Қытай бағытында ҚР-ның өтпелі әлеуетін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады және қарқынды дамушы азиялық елдермен өзара тиімді байланыс дамытуға мүмкіндік береді.
ҚР-ның экономикасына инвестицияларды тарту бойынша өткен форум шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Hutchison Port Holdings, Сathay Pacific компаниялары арасында екіжақты келісссөздер өтті.