Гонконгтағы өрттен 13 адам мерт болды
АСТАНА.KAZINFORM — Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағы Тайпоу ауданындағы тұрғын үй алабында өрт болып, кем дегенде 13 адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, өрт 26 қараша түс ауа басталған. Жергілікті уақыт кешкі 6:22–де өрт деңгейі бесінші деңгейге көтерілді.
Сондай-ақ, оқиға орынында 37 жасар өрт сөндіруші қаза болды.
Гонконг әкімшілігінің хабарлауынша, өрт әлі толық ауыздықталған жоқ, құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Айта кетерлігі, Өрт сегіз блоктан және 2000-ға жуық пәтерден тұратын Хунг Фук Корт тұрғын үй кешенінде болды. 1980 жылдардың басында салынған ғимараттарда күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан.
2021 жылғы халық санағының мәліметтері бойынша, тұрғын үй кещенінде 4643 адам бар.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Лондонның батысындағы Саутхолл қаласындағы қоймадан өрт шықты.