Гонконгте әлемдегі ең қымбат жер телімі сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Henderson Land Development компаниясы Гонконгтың орталығында әлемдегі ең қымбат жер учаскесін сатып алды.
South China Morning Post хабарлауынша, үкіметтік аукционда $3 млрд төлеуге тура келген. Жер теліміне тоғыз девелоперлік компания таласты.
Қорытындысында фирма жердің әр шаршы футына (0,09 шаршы метр) $6460 төледі. Егер есептер болса, учаскенің әр шаршы метрінің бағасы шамамен миллион долларды құрап отыр.
Компания сатып алған учаскеге 2022 жылға қарай биік офистік ғимарат тұрғызуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта онда бес қабатты көлік тұрағы орналасқан.
Басылым рекордты мәміле таяу жерлердегі коммерциялық жылжымайтын мүліктердің бағасын 11 пайызға көтеріп жібергендігін атап өтті.