Google «2ГИС» қосымшасын зиянды деп тапты

Кейбір интернет қолданушылары Android құрылғыларына арналған Google Play маркеті «2ГИС» картографиялық сервисінің қосымшасын зиянды деп тапқанын хабарлады. «2ГИС» баспасөз қызметі бұл туралы білетін болып шықты және олар бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Kazinform ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

2гис
Фото: cnews.ru

«2ГИС» бұл қосымшалар маркетінде 2023 жылдан бері уақытша ашылмай тұр.

Google Play қорғаныс жүйесінен қолданушыларға жіберілген хабарламаларда қосымшаның «SMS, сурет, аудиожазбалар, қоңыраулар журналы сияқты жеке мәліметтерге қол жеткізуге ұмтылып жатыр» деген ескертулер бар. Желі қолданушылары бұл проблемаға жаппай шағымдана бастады.

«2ГИС» өкілдері болса, қосымшаның қауіпсіз, сенімді әрі зиянсыз екенін мәлім етті.

«Аталған хабарландырулар Google талаптарымен байланысты және бұл талаптар Google Play-де уақытша қолжетімсіз болатын барлық қосымшаларға бірдей жүреді»,-деп түсіндірді сервистің баспасөз қызметі.

Сервис өкілдері оны қолданушылар дауыс арқылы іздеу жұмыстарын жүргізіп, ұйымға тікелей телефон арқылы хабарласуы үшін, бір сөзбен айтқанда сервистің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін микрофон мен қоңырауларды пайдалануға мүмкіндік беруді сұрап отырғанын жеткізді. SMS-ке қолжетімділік қосымшаға тіркелген кезде қолданушының телефонына автоматты түрде код жіберу үшін керек.

Соңғы жаңалықтар