Google+ әлеуметтік желі ретінде өмір сүруін тоқтатады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google+ әлеуметтік желісі бөлек өнім ретінде өмір сүруін тоқтатады. Бұл туралы TechCranch корпорациядағы өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Қазіргі кезде Google бұрын әлеуметтік желіні дамытумен айналысқан кадрлық құрамын, сондай-ақ Hangouts және Photos сервистерін қайта құруда, ал бұл мыңнан астам қызметкерлер деген сөз. Интернет-корпорация аумағында қазірдің өзінде жаңа корпус салынды, онда әлеуметтік желіні дамытуға қатысып жүрген команданың бір бөлігі орын тебеді. Сондай-ақ өзгерістер ауқымында Google+, Hangouts және Photos, серваистерін дамытумен айналысатын команданың жартысы Android бөлімшесіне ауысады.

Google+ командасы бөлігінің корпорацияның ұтқыр бөліміне ауысуы Google-дің ұтқыр шешімдер, «виджеттер» жасауға шоғырландырылғанын білдіреді, басшылықтың пікірінше, бұл өзінің әлеуметтік желісін жасаумен салыстырғанда компания үшін тиімдірек болмақ.

Google ресми өкілі Вика Гундотраның Google-ден кетуі Google+ стратегиясына ықпал етпейді деп мәлімдеді. TechCranch ақпараты бойынша Гундотра Google-ді бөлек тұғырнама ретінде сақтауды жақтаған болатын.

Google Inc. - әлемде танымалдығы жөнінен бірінші Google іздестіру жүйесін иеленген американдық интернет-корпорация. 2014 жылдың І тоқсанынының қорытындысы бойынша корпорацияның таза табысы 3,4 млрд. долларды құрады. Google+ әлеуметтік желісінде қазір 29 млн.-ға жуық пайдаланушы бар.

Google+ әлеуметтік желісі мен интернет-іздестірушіден басқа компания әлемдегі ең танымал YouTube видоеохостингісін, Gmail пошта сервисін иеленген, сондай-ақ компания ұялы құрылғылары үшін ОС Android жасаушы болып табылады. Google акциялары NASDAQ қор биржасында сатылады.

Соңғы жаңалықтар