Google екі факторлы таңдау терезесін енгізді - Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Google
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

АСТАНА. KAZINFORM - Google іздеу жүйелері нарығында бәсекелестікті дамыту мақсатында екі факторлы таңдау терезесін енгізуде, деп хабарлайды Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

БҚДА бұған дейін Google LLC, Google Ireland Limited және Google Commerce Limited ( әрі қарай – Google) компанияларына оның әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жіберген еді.

Хабарламаны орындау үшін қазіргі уақытта Google компаниясы «Chrome» браузері алғаш рет іске қосылған кезде (автоматты түрде немесе қолмен) таңдау терезесі енгізілген тиісті нұсқасына дейін Android ОЖ базасындағы қолданыстағы мобильді құрылғыларда жүзеге асырылатын екі факторлы «өткізбейтін» таңдау терезесін көрсетуді енгізді.

Жаңа құрылғыларда таңдау терезесінің демонстрациясы осы құрылғылар іске қосылғаннан кейін және «Chrome» таңдау терезесі «кірістірілген» нұсқасына жаңартылғаннан кейін жүзеге асырылады. «Chrome» виджетін немесе браузер ашқан кезде пайдаланушыларға таңдау терезесі көрсетіледі.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша:

Android операциялық жүйесі бар 4 843 890 мобильді құрылғыда «Chrome» браузерін екі факторлы таңдау терезесі енгізілген нұсқасына автоматты түрде немесе қолмен жаңарту жүзеге асырылған таңдау терезесі көрсетілді.

Таңдау терезесі көрсетілетін және тиісті таңдау жасалатын құрылғылардың одан әрі өсуі күтілуде.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша пайдаланушылардың таңдауы келесідей:

  • Пайдаланушылардың 82.95% іздеу жүйесі ретінде Google-ды таңдады;
  • Пайдаланушылардың 17.04% - ы Yandex-ті іздеу жүйесі ретінде таңдады.

Айта кету керек, алғаш рет Қазақстан Республикасының юрисдикциясынан тыс ірі трансұлттық компания өз іс-әрекетінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуы туралы Хабарламаны орындады.

Көптеген елдерде, соның ішінде ЕО, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасында реттеуші мемлекеттік органдардың талабы бойынша іздеу жүйелерін таңдау экрандары енгізілген.

Соңғы жаңалықтар