Google Пуэрто-Рикоға интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін әуе шарларын жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Google корпорациясы Пуэрто-Рико мемлекетінің тұрғындарына әуе шарлары арқылы сымсыз интернет желісіне қосылу мүмкіндігін ұсынды. 

Google Пуэрто-Рикоға интернет желісіне қосылуға мүмкіндік беретін әуе шарларын жіберді

Өйткені бұл елге таяуда болған алапат дауыл айтарлықтай шығын келтірген болатын, деп хабарлайды ТАСС.

Google мәліметінше, әзірге жерден 18 мың метр биіктікке орналастырылып, арнайы құрылғылармен жабдықталған бірнеше шар   Wi-Fi-байланысына қосылуға мүмкіндік береді. Олар күн энергиясымен жұмыс істейді, сол себепті дабыл тәуліктің жарық кезінде ғана беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Пуэрто-Риконы басып өткен «Ирма» дауылы онсыз да экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан мемлекеттің инфрақұрылымына айтарлықтай шығын әкелді.