Павлодарда автобус жүргізушісі жолда телефонмен сөйлескені үшін айыппұл арқалады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодарда автобус жүргізушісі жүріп келе жатып бейнеқоңыраумен сөйлескені үшін айыппұл арқалады

Павлодарда автобус жүргізушісі көлік тізгінінде телефонмен сөйлескені үшін айыппұл арқалады
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Облыс орталығындағы автобустардың бірінде жүргізуші рульде келе жатып, ұялы телефон арқылы бейнеконференция өткізген. Телефонға жиі қарағыштап жолаушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген.

- Күн сайын автобустардың, маршруткалардың және трамвайлардың жүргізушілері телефонға алаңдап, жолаушылардың өмірін қатерге тігетінін көреміз. Жақында қала тұрғындарының бірі автобуста келе жатып жүргізушінің рульде отырып бейнеконференция өткізгенін көрген. Ол дауыс көтере сөйлесіп, қатты күлген. Жолаушылар өз өмірлері үшін алаңдағандарын айтады, – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан көлік жүргізу кезінде смартфон пайдаланғаны үшін 2360 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетейік, Павлодарда автобус пен жеңіл көліктің соқтығысуынан 7 адам зардап шекті

Соңғы жаңалықтар