16:38, 02 Маусым 2014 | GMT +5
Граната жармақшы болған бұзақы 2,5 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының үкімімен кафеде граната жармақшы болған бұзақы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеуге 2,5 жылға сотталды.
Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Шашлычок» кафесінде телефонына зарядтау құрылғысын тауып бермегені үшін аталмыш тұрғын мас күйінде даяшыны қорқытқан. Даяшы сол бойда күзетшілерді шақырған.
Күзетші гранатаны беруді талап еткен кезде бұзақы оған тағы да «жарамын» деп күш көрсеткен. Сосын үстелден қасықты алып, гранатаның орауын жырта бастаған. Сол кезде күзетші жеделдік танытып, гранатаны тартып алған.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат зауытта дайындалған әскери граната болып шыққан.
ҚР ҚК 251-бабы 1-бөлімі, 257-бабы 2-бөлімі «а, б» тармақтары, 119-бабы бойынша айыпты деп танылған сотталушыға 200 АЕК (370,4 мың теңге) көлемінде айыппұл да салынды.