18:46, 04 Мамыр 2024 | GMT +5
Grand Slam турнирі: Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam турнирінде Дархан Қойбағар қола жүлдеге ие болды.

73 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз кіші финалда олимпиадалық рейтингіде 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті. Бұл Дарханның мансабындағы Grand Slam турнирінен жеңіп алған алғашқы жүлдесі екенін айта кетейік.
Д.Қойбағар турнир барысында Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берген еді.
Естеріңізге сала кетсек, 60 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Мағжан Шамшадин ел қоржынына күміс медаль сыйлаған болатын.