Grand Slam турнирі: қазақстандық балуандар 8 ақпанда кімдермен белдеседі

АСТАНА. KAZINFORM — Франция астанасы Парижде өтіп жатқан дзюдодан Grand Slam жарысының екінші жарыс күні, 8 ақпанда қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыласы анықталды.

Grand Slam турнирі: қазақстандық балуандар 8 ақпанда кімдермен белдеседі
Фото: ҰОК

Бүгін ел құрамасынан Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат, Айдар Арапов, Нұрлыхан Шархан, Марат Байкамуров, Ғалымжан Қырықбай татамиге шығады.

8 ақпан

81 келі. Абылайхан Жұбаназар. Екінші айналымнан бастайды.
81 келі. Әділет Алмат — Омар Махмуд (Мысыр)
90 келі. Айдар Арапов — Йохан Ленц (Германия)
100 келі. Нұрлыхан Шархан — Куссай Бен Гарес (Тунис)
100 келі. Марат Байкамуров — Кэлвин Кпока (Оңтүстік Африка Республикасы)
100 келіден жоғары. Ғалымжан Қырықбай — Джон Мессе Бессон (Канада).

Бұл турнирдің алғашқы жарыс күні, 7 ақпанда ел құрамасынан Аман Бақытжан (60 келі) қола жүлдегер атанды.

Беделді бәсекеде ел құрамасынан 60 келіде Шерзод Давлатов, 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев пен Бауыржан Нарбаев, 73 келіде Есет Қуанов пен Дастан Шаяхметов жарыс жолын ерте аяқтады.

Айта кетсек, жаңа спорт маусымының алғашқы әлемдік рейтингтік турниріне 78 елден 488 дзюдошы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар