Green Card лотереясына қатысу ақылы болады
АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың 16 қазанынан бастап Green Card лотереясына (DV лотереясына) қатысушылар $1 мөлшерінде жаңа тіркеу жарнасын төлеуге міндетті, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы АҚШ федералды тізілімінің сайтында хабарланды.
Осылайша, келесі айдан бастап АҚШ-та тұрақты тұру мүмкіндігін ұсынатын жыл сайынғы лотереяны тіркеу үшін 1 долларлық жарна тек бағдарлама жеңімпаздарынан ғана емес, барлық қатысушыдан алынады.
Аталған өзгеріс лотереяны басқару шығындарын неғұрлым әділ бөлуге бағытталған. Бұрын бұл шығындар бағдарлама жеңімпаздары есебінен өтеліп келді. Енді аз ғана төлем барлық қатысушы арасында бөлінеді.
Сондай-ақ осы бастама ештеңеден күдігі жоқ әлеуетті қатысушыларды өз мүддесі үшін пайдаланғысы келетін жеке тұлғалардың жалған тіркеулерінің санын азайтуға көмектеседі.
АҚШ жыл сайын шетелдіктің Штаттарда тұрақты тұру және жұмысқа орналасу құқығын куәландыратын 50 мың жасыл картаны ойнатып келеді. Лотерея кездейсоқ ойнатылады, бірақ ұтқаннан кейін үміткерлер иммиграциялық үлгіні толтыруы, сұхбаттасуы және медициналық тексеруден өтуі тиіс.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жыл сайын лотереяға шамамен 25 млн адам қатысып жүр.
Бұған дейін АҚШ елге көшкісі келетіндерге «алтын карталарды» ұсынатынын жазған болатынбыз.