20:52, 30 Тамыз 2022 | GMT +5
Грек-рим күресінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімі жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы әлем чемпионатына қатысатын команда құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан атынан 10 салмақта 10 спортшы бақ сынайды.
55 кг: Аманғали Бекболатов
60 кг: Айдос Сұлтанғали
63 кг: Ғалым Қабдунасаров
67 кг: Дін-Мұхамед Қошқар
72 кг: Ибрагим Магомадов
77 кг: Тамерлан Шадукаев
82 кг: Диас Кален
87 кг: Нұрсұлтан Тұрсынов
97 кг: Олжас Сырлыбай
130 кг: Әлімхан Сыздықов.
Әлем чемпионаты 10-18 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белград қаласында өтеді.
Фото: instagram.com/kazakhstan__wrestling