Грек-рим күресінен Азия біріншілігінде Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Грек-рим күресінен Азия біріншілігінде Ернұр Фидахметов қола жүлдегер атанды

Ол жұбаныш белдесуінде қазақстандық моңғолиялық Балжинням Цэвэнравданды тізе бүктірді.

Сондай-ақ, бүгін жұбаныш белдесуінде ел құрамасынан Санжар Серікхан жапониялық Такахиро Сурудамен шеберлік байқасады.

Ел құрамасынан Мейіржан Шермахамбет (67 келі), Абылайхан Әмзеев (72 келі) және Диас Қален (82 келі) бүгінде финалда белдеседі.

Еске салсақ, 19 сәуірде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар бір алтын, үш күміс, бір қола алды.