Грек-рим күресінен Нұрсұлтан Тұрсынов алтын медальға таласады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) алтын медальға таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында құрлықтық дода жалауын көтерді.

Жарыстың алғашқы екі күнінде грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынады.

Ел құрамасынан бүгін Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) чемпиондық атаққа таласады. Ол жартылай финалда қырғызстандық Атабек Азисбековті жеңсе, ширек финалда өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовтен басым түсті.

Қазақстандық балуан былтыр Моңғолияда өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

Нұрсұлтан биыл ақпанда Алматыда өткен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы болды.

Сондай- ақ, ел құрамасынан Аманғали Бекболатов (55 келі), Мұхаммедәли Мамырбек (63 келі), Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде үшін белдеседі.

Құрлықтық додада финалдық белдесулер 18:00-ге белгіленген.

Соңғы жаңалықтар