Грек-рим күресінен Азия біріншілігіне қатысатын балуандар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Иорданияда 22-30 маусым күндері күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі өтеді.

Аталған сынға қатысатын грек-рим күресінен Қазақстан командасы анықталды.
Олардың қатарында Нұрдәулет Құмарұлы (45 келі), Зарап Сұңқар (48 келі), Едіге Төлеутаев (51 келі), Алпамыс Болатұлы (55 келі), Шәміл Досбол (60 келі), Данияр Қанағатбек (65 келі), Әбілмансұр Ахалбек (71 келі), Еркебұлан Анапия (80 келі), Әділет Тойшыбек (92 келі) пен Айдос Қайратов (110 келі) бар.
Команданың аға бапкері Алмат Кебіспаев.
Айта кетсек, биыл Париж Олимпиадасында еліміздің атынан грек-рим күресінен төрт балуан сынға түседі.
Бұл тізімге Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) енгізілген.