Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір қола түсті

Грек-рим күресінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір қола түсті

Шамиль Ожаев
Фото: instagram/wrestrus_000

Ресейде туып-өсіп, Қазақстан азаматтығын өткен жылы алған Ш.Ожаев 87 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Санхек Паркпен қола медальді сарапқа салды.

Бірінші кезеңде төреші қарсыласын төрттағанға қойған сәтте Ш.Ожаев оны сәтті пайдаланды – 5:0. Екінші кезеңде Парк ондай мүмкіндікті мүлт жіберді. Қорытынды есеп – 5:1, Шамиль Ожаевтың пайдасында.

Осылайша, бүгін Қазақстан қоржынына екінші қола жүлде түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында тағы үш қазақстандық балуанның қолаға таласатынын жазған болатынбыз.

Ибрагим Магомадов екінші рет Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Соңғы жаңалықтар