16:30, 22 Қараша 2025 | GMT +5
Грек-рим күресінен ел қоржынына тағы екі жүлде түсті
АСТАНА. KAZINFORM — Отандық балуандар Қайратхаан Шонқу мен Рамазан Әбдрасіл Сурдлимпиада ойындарында күміс және қола медаль алды, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.
Бүгін Сурдлимпиадада грек-рим күресінен бәсекеде Рамазан Әбдрасіл (97 кг) жұбаныш белдесуінде Арарат Саргсянды 13:5 есебімен жеңіп, қола медальге ие болды.

Сонымен қатар Қайратхаан Шонқу (130 кг) грек-рим күресінен финалдық белдесуде NDA (бейтарап ел) спортшысы Алексей Шемаровтан жеңіліп, күміс жүлдегері атанды.
Осыдан бұрын Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен қазақстандық балуан Андрей Самарин алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.