Грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатына кімдер барады
АСТАНА. KAZINFORM -Болгарияның Самоков қаласында грек-рим күресінен 17-24 тамыз аралығында өтетін 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды.

Ел құрамасы сапында Арсен Жұма (55 келі), Саламат Мұратұлы (60 келі), Дамир Ибрашов (63 келі), Әлібек Тұрлығазы (67 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Диас Сейітқалиев (82 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманалы (97 келі), Қуаныш Амангелді (130 келі) бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын Хорватия астанасы Загреб қаласында 13-21 қыркүйек аралығында өтетін күрес түрлерінен ересектер арасындағы әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Бас бапкер Мадияр Құрамысов бастаған бапкерлер төмендегі балуандарға сенім артты. Олардың қатарында Әділет Әлмұхамедов (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Начын Куулар (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Әлібек Әбілқасым (74 келі), Болат Сақаев (79 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі), Камил Куруглиев (92 келі), Ризабек Айтмұхан (97 келі), Әлішер Ерғали (125 келі) бар.