Грекия еуро бойынша референдум өткізуді жоққа шығарды

АСТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат - Грекия үкіметі елдің еуроаймақтан шығуы жөніндегі мәселені референдумға шығарғысы жоқ. Бұл туралы Ангелос Толкас (Angelos Tolkas) үкіметінің баспасөз қызметі өкіліне сілтеме жасап Reuters агенттігі хабарлайды.
None
None

Шенеуніктер референдум тақырыбын талқылауда деп 19 қыркүйекте гректердің Kathimerini газеті жазған болатын.

Толкастың айтуынша, үкімет саяси реформа туралы референдум өткізу мүмкіндіктерін көптен бері талқылап келеді. Алайда, валюта жөніндегі мәселе шенеуніктер арасында әзірге көтеріле қойған жоқ. Ал өз кезегінде Kathimerini газеті Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреуге көптен бері еуро бойынша референдум өткізуді сұрап, ұсыныстар түскен, дегенмен ол барлығында да одан бас тартқан, деп хабарлайды Лента.ру.

Соңғы жаңалықтар