Грекияда бес ірі орман өртеніп жатыр: Билік ЕО-дан көмек сұрады
АСТАНА. KAZINFORM – Грекия билігі бірден бес жерде болып жатқан үлкен орман өртіне байланысты Еуропалық Одақтан көмек сұрады, - деп хабарлайды ВВС.

Ел билігі Афинадан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде қатты зардап шеккен аудандағы тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Аптап ыстық жағдайды қиындатып тұр. Жексенбіде температура 44°C-қа жетеді деп болжанған және бұл алдағы демалыс күндері де жалғасады.
— Жараланған өрт сөндірушілер бар, адамдардың өміріне қауіп төніп тұр, мүлік өртеніп, орман алқаптары жойылды, - деді Климаттық дағдарыстар және Грекия азаматтарын қорғау министрі Яннис Кефалогианнис.
Қатты жел мен аптап ыстық өртті өршітіп жатқаны хабарланды. Грекия өртті сөндіруге көмектесу үшін ЕО Азаматтық қорғаныс механизмінен қосымша алты ұшақты ресми түрде сұрады.
Афина орналасқан Аттикада сенбі күні басталған өрт тез арада Дросопиги, Крионери және Агиос Стефаносқа таралып, тұрғындарды қашуға мәжбүр етті.
Айта кетейік, Грекияда 68 градустық аптап ыстық болып, билік тұрғындарды сақ болуға шақырды.