Грекияда Ресей азаматы 118 жылға бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Грекия соты Ресей азаматы Владимир Котельниковты заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға кінәлі деп тауып, 118 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 500 мың еуро айыппұл төлеуге үкім шығарды, деп хабарлайды DW. 

сотталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Бұл туралы ресейлік бірқатар БАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығының вице-президенті Иван Мельниковтың сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның мәліметінше, 37 жастағы Челябинск тумасы Котельников Грекияға жұмыс бабымен көшіп, Жерорта теңізі аймағында туристерді тасымалдайтын яхтаға теңізші болып жұмысқа орналасқан. Мельниковтың айтуынша, Котельниковтың жұмыс берушісі заңсыз мигранттарды туристер ретінде кемеге отырғызып, оны алдаған, сонымен қатар қорқытып, құжаттарын тартып алған. Котельников 2024 жылы 11 маусымда Родос аралының маңында тұтқындалды. Оның әйелі мен баласы Ресейде қалды.

Мельников мұның жалған схема екенін, нәтижесінде Түркияға жұмыс іздеп келген ресейлік азаматтар «алаяқтардың торына түсіп қалғанын» айтады.

– Олар Түркиядан Грекияға заңсыз иммигранттарды теңіз арқылы тасымалдаумен айналысады, келген соң жай ғана қамауға алынады, - деді Мельников.

Mash Telegram арнасына берген түсініктемесінде ол тағы 36 ресейлік Грекияның түрмелерінде осындай айыппен отырғанын айтты.

Шетелдегі отандастарды қолдау жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығының вице-президентінің айтуынша, ол Ресей сыртқы істер министрлігіне Котельниковты босатуға көмектесуді сұрап үндеу жолдаған.

Еске сала кетейік, кеше Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. 

Соңғы жаңалықтар