Грекиялық БАҚ-тар «Астананың» «рекордына» таңғалуда

«Астана» футбол командасы Еуропалық кубоктардағы соңғы 11 матчта жеңіліс таппай келеді - 5 жеңіс және 6 тең ойын. Бұл айтқысыз рекорд! Осы сериядағы ойындардың қатарында «Олимпиакоспен» 1:1 болып тең түскен матч та бар. Не дегенмен, бұған қарамастан, Грекия чемпионы топтағы бірінші орын үшін бақталастығын жалғастыра береді», - деп жазды басылым.
Айта кетейік, «Астана» соңғы рет өз алаңында 2014 жылдың 21 тамызында жеңіліс тапқан болатын - Еуропа Лигасында «Вильярреалумен» болған ойын 0:3 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, кеше елордада «Астана» «Олимпиакоспен» ойнады. Тең түскен матч Еуропа Лигасының топтық кезеңінің сатысында астаналық командаға екінші ұпай алып келді. Бірінші ұпайды олар швейцариялық «Янг Бойзға» қарсы ойнап алған болатын.