02:37, 29 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Грекияны тағы да су басып қалды
Грекияның Тесалья (Фессалия) аймағында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тағы да су тасқыны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, елдің Волос, Пелион, Лариса және Фарсала сияқты аудандарында қатты су тасқыны болды. Тұрғын үйлер, кеңселер, ауыл шаруашылығы жерлері мен жолдар су астында қалды. Көшкін салдарынан көптеген жолдар жабылды.
Толассыз жауған жаңбыр кезінде Волос аймағының басым бөлігі жарықсыз қалып, жергілікті аурухананы да су басты.
Азаматтық қорғаныс басқармасы Волос тұрғындарына ұялы телефон арқылы шұғыл хабарлама жіберіп, көшеге шықпауға кеңес берді.