03:42, 27 Қараша 2023 | GMT +5
Грекияның Лесбос аралында кеме суға батып кетті: 14 адам із-түзсіз жоғалған

Trend агенттігінің мәліметінше, оқиға Грекияның Лесбос аралының жағалауында орын алған. Бортта 14 экипаж мүшесі болғаны анықталды.
Дауыл салдарынан суға батқан кеменің Мысырдан Ыстамбұлға қарай бет алғаны атап өтілді.
Грекияның жағалау күзеті жоғалған 14 теңізшіні табу үшін іздеу-құтқару операциясын жүргізуде.