Гренландия мұздығы былтыр мамырда 17 есе жылдам еріп кеткен

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдегі ең үлкен арал – Гренландиядағы мұздықтар 2024 жылдың мамыр айындағы аптап ыстық кезінде орташа есеппен 17 есе тезірек еріп кетті, деп жазды Анадолы.

Гренландия мұздығы 2024 жылы мамырда 17 есе жылдам еріп кеткен
Фото: Анадолы

Исладниядағы метеостанциялардың 84%-ы «рекордтық температураларды» тіркеді.

Метеорологиялық құбылыстарды зерттейтін ғылыми ұйым World Weather Attribution (WWA) Гренландия мұздығының жай-күйі туралы зерттеу жариялады.

Зерттеуге сәйкес, Исландиядағы метеостанциялардың 84%-ы мамыр айында «рекордтық температураларды» тіркеген. Бұл 1991-2020 жылдардағы мамыр айының ең жоғары орташа температурасынан 13 градустан астам жоғары көрсеткіш.

Ғалымдар мамыр айындағы аптап ыстық кезінде Гренландия мұздығының орташа көрсеткішпен салыстырғанда 17 есе жылдам еріп кеткенін атап өтті. Мұндай температуралар Исландия мен Гренландияда «100 жылда бір рет» байқалуы мүмкін.

Ғалымдардың пікірінше, бұл жылу толқыны «суыққа бейімделген» аймақтарда, соның ішінде Исландия мен Гренландияда «ерекше салдарларға» әкеп соғуы мүмкін.

– Гренландия мен Исландияда инфрақұрылым суық ауа-райына бейімделген, сондықтан мұз ерігенде жолдар мен басқа да инфрақұрылымның зақымдануы, су тасқыны болуы мүмкін, – дейді зерттеушілер.

Биыл 15 мамырда Исландияда температура 26 градустан асып, бұл солтүстік Атлантикадағы ел үшін «өте ерекше» жағдай болды.

Гренландия — шалғай, суық әрі сирек қоныстанған арал

Гренландия — әлемдегі ең үлкен арал, оның аумағы 2,16 миллион шаршы километрді құрайды және ол Арктика аймағында орналасқан. Жазда аралдағы орташа температура +10°C, ал қыста – 10°C шамасында.

Бұл арал әлемдегі ең сирек қоныстанған аймақтардың бірі болып табылады, мұнда шамамен 57 мың адам тұрады, олардың басым бөлігі — түпнәсіл инуиттер. Аралдың 80%-ын мұздықтар жабады, сондықтан халық негізінен аралдың оңтүстік-батыс жағалауындағы Нуук қаласының маңында шоғырланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Арктикада мұздық еріп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар