Грета Тунберг палестиналықтарға көмек жіберілген кемемен Газаға шықты

АСТАНА.KAZINFORM - Климат белсендісі Грета Тунберг пен тағы 11 адам жексенбі күні «Израиль қоршауын бұзу» мақсатында гуманитарлық жүк тиеген кемемен Газаға жол тартты, деп хабарлайды NBC News.

ж
Фото: Видеодан алынған скрин

Freedom Flotilla Coalition белсенділер тобы басқаратын Madleen желкенді қайығы Италияның оңтүстігіндегі Катания портынан шықты.

Белсенділер жолға шықпас бұрын өткен баспасөз мәслихатында көмек жеткізу және жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарыс туралы «халықаралық деңгейде хабар таралуы» үшін Газа секторының жағалауларына жетуге тырысатындарын айтты.

- Біз мұны қиындықтарға қарамастан жасап жатырмыз. Өйткені тырысуды тоқтатқан сәтте адамдығымызды жоғалтамыз. Және бұл миссия қаншалықты қауіпті болса да, тікелей трансляция арқылы көрсетіліп жатқан геноцидке әлемнің үндемей отыруы сияқты қауіпті емес, - деді Грета Тунберг сөз сөйлеу кезінде көзіне жас алып.

БҰҰ мен ірі көмек агенттіктері Израиль шектеулері Газа секторындағы 2 миллионға жуық палестиналықтарға көмек жеткізуді қиындатып жатқанын айтады.

Madleen тобына қосылатындар арасында «Тақтар ойыны» актері Лиам Каннингем және Еуропа парламентінің палестиналық француз депутаты Рима Хасан бар. Израильдің Газаға жасаған шабуылына қарсылық білдіргені үшін оған Израильге кіруге тыйым салынды.

Белсенділердің болжамынша, егер олар тоқтатылмаса, діттеген жеріне жеті күнде жетеді.

Туған жері Швецияда жасөспірімдердің жаппай наразылығын ұйымдастырғаннан кейін халықаралық деңгейде танымал климат белсендісіне айналған Тунберг өткен айда бұрынғы Freedom Flotilla кемесіне мінуі керек еді.

Мамыр айының басында Газаға теңіз арқылы жету әрекеті Мальта жағалауындағы халықаралық суларда жүзіп бара жатқанда басқа бір Conscience кемесіне екі күдікті дронмен шабуыл жасағаннан кейін сәтсіз аяқталды.

Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, топ 19 айға жуық соғыстан қираған Палестина аумағына көмек жіберу әрекеттеріне және 52 мыңнан астам палестиналықтардың өліміне байланысты соңғы қайшылықта кеменің алдыңғы бөлігін зақымдаған шабуыл үшін Израильді айыптады.

Бұған дейін Колорадо штатында израильді жақтаған шерушілерге жасалған шабуылдан сегіз адам жараланған еді.

Соңғы жаңалықтар