14:20, 27 Сәуір 2024 | GMT +5
Григорий Ломакин Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шымкент ITF турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Павел Вербинмен бірге төрт кездесуін сәтті өткізді.
Соның ішінде қазақстандық-ресейлік жұп финалда доданың 1-ракеткалары, үндістандықтар С.Д.Праджвал Дев - Сай Картик Реддимен бас жүлдені сарапқа салды.
Г.Ломакин - П.Вербин тартысты матчта 7:6 (11:9), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Мадридте әлемнің 8-ракеткасын жеңіп, үшінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.
Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалында ойнайды.